Ел тынысы

Соңғы алты жылда 1000-нан аса мектеп салынды

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш: соңғы алты жылда 1000-нан аса мектеп салынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ОКҚ алаңында Қазақстанда бұрын-соңды болмаған, теңдессіз жаңа үлгідегі мектептер салынып жатқанын атап өтті. Ұлттық жоба – білім беру жүйесінде тың әрі ауқымды инфрақұрылымдық бастаманы іске асырудың нәтижесі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында елімізде соңғы алты жылда 1 млн-нан аса оқушыға арналған 1000-нан аса мектеп салынды. Бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Атаулы жаңа жобамен салынып жатқан мектептер осы ауқымды стратегиялық бастаманың маңызды бөлігі. Бұл жай мектеп ғимараттары емес, ұлт болашағы өсіп шығатын киелі білім ордалары. Сондықтан ұлттық жоба аясында қалыптасатын білім ұйымдары «Келешек мектептері» деп аталады», – деді ведомство басшысы баспасөз конференциясы барысында.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button