Мәдениет

Сөз бен әуен үйлесімі

Елордадағы «Синтез» театрында Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Сөз бен әуен» атты әдеби кеш өтті.

Іс-шарада Ұмтыл Зарыққан, Шерхан Талап, Саян Есжан, Наурызбек Сарша, Толқын Қабылша, Рауан Қабидолда, Айзада Рахымжанова, Ажар Ерболған, Ділдә Уәлибек, Аружан Яһуда, Әмина Адайхан секілді жас ақындар өлең оқыды. Көрермен ретінде келген Мұхарбек Жәкейұлы мен Сәнді Ақылай да жырларын төкті.

Сөз бен саз үйлескен кешті «Астана бэнд» ансамблі музыкамен көркемдеді. Кешке Музыкалық жас көрермен театрының әншісі Сұлтан Кеңшілік қатысса, кештің режиссері әрі жүргізушісі Мұхтар Диханәліұлы болды. Қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы Гауһар Елембаева сөз сөйледі.

«Ең ұлы ақын – жас ақын» дейді Ұлықбек Есдәулет Маралтайға арнаған өлеңінде. Біз сол «ұлы ақындардың» аяқ алысына сүйсініп отырдық. Жастықтың аты жастық қой, шіркін, максимализм де, кейбір кедір-бұдыр да жарасып тұрады. «Синтез» – өте әдемі театр. Нағыз ақындар бас қосатын жер» деген Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының директоры, белгілі ақын Бауыржан Бабажанұлы да өлеңдерін оқыды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button