Құқық

Синтетикалық есірткі жеткізу арнасы жойылды

  Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен полиция Департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елордаға синтетикалық есірткі жеткізу арнасын анықтап, жойды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының екі тұрғыны ұсталды. Олар Достық шағынауданындағы пәтерлердің бірінде психотроптық заттарды жасырын өндірумен айналысқан.

Тінту барысында есірткі жасауға пайдаланылған заттар – химиялық реактивтер, электрплиталар, пластик және шыны ыдыстар, вакуумдағыш, бояғыштар және басқа да құрамдас бөліктер тәркіленді. Сонымен қатар, таратылуға дайын 5 килограмнан астам синтетикалық есірткі заты анықталып, тәркіленді.

Күдіктілер есірткіні дайындауда «суық қайнату» деп аталатын жаңа әдісті қолданған. Бұл – жоғары температура қолданбай, химиялық реакциялар арқылы жүзеге асырылатын тәсіл. Аталған әдіс аса қауіпті болып саналады.

Есірткі құралдарының таралу арналарының жолын кесу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button