Ел тынысыСаясат

Шетелдік журналистерді республикалық референдумға акредиттеу рәсімі басталды

2026 жылғы 15 наурызда өтетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумды жариялауға ниет білдірген шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу рәсімі басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, шетелдік журналистер ел аумағында кәсіби қызметін тек Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген тұрақты немесе уақытша аккредитация болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

Шетелдік БАҚ өкілдеріне жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну арқылы бір аудармашы ілесіп жүруге рұқсат етіледі.

Шетелдік журналистерді аккредиттеу туралы өтінімдер 2026 жылғы 10 наурыз күні сағат 12:00-ге дейін (Астана уақытымен) mfakzaccreditation@gmail.com электрондық поштасына «Referendum2026» тақырыбын көрсете отырып жолдануы тиіс.

Аккредиттеу үшін қажетті құжаттар:

  • журналисті аккредиттеу туралы өтінішпен бас редактордың хаты;

  • журналистің қолданыстағы шетелдік паспортының көшірмесі;

  • толтырылған сауалнама және аккредиттеу нысаны;

  • журналистің электрондық фотосуреті (3х4 см);

  • журналистің қысқаша өмірбаяны;

  • бұқаралық ақпарат құралы туралы анықтамалық ақпарат.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне +7 (7172) 72-00-16 телефоны арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button