Ел тынысы

Шетелдік өнерпаздар қатысқан клоундар шеруі өттi

Елордада Балаларды қорғау күніне орай II Халықаралық клоундар фестивалі өтіп жатыр. Іс-шара Нұржол желекжолында әртүрлі елдердің өнерпаздары қатысатын клоундар шеруімен басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Фестиваль қатысушылары «Бәйтерек» монументінен «Хан Шатыр» СОСО-ның қарсы бетінде орналасқан «Ғашықтар» паркіне дейінгі желекжолмен жүріп өтті. Мерекелік іс-шара Kazmedia Hall сахнасында ең жас елордалықтарға арналған қайырымдылық гала-концертпен аяқталады.

«Бүгін 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елордадағы Бәйтерек монументі жанында жиналдық. Өте керемет бағдарлама ұйымдастырылған. Іс-шараны тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтары өте көп. Бізбен суретке түсіп, өте көтеріңкі көңіл күйде жүр», – деді шеруге қатысқан Ділназ Ертаева.

Айта кетейік, фестивальге Қазақстан, Италия, Испания, Ресей мен Бельгия өнерпаздары қатысады. Онда танымал Мұтырғановтар отбасы, тараздық клоундар, Санкт-Петербор қаласынан келген «Лицедеи» театрының әртістері, испаниялық Хуго Санчес, италиялық жұп Дэнни мен Диво, белгиялық Барто клоуны өнер көрсетеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button