Шерхан Мұртазаның шығармашылық мұрасына арналды

ҚР Ұлттық архивінде Ұлттық баспасөз күніне орай «Шерхан Мұртазаның қаламгерлік қазынасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, журналистер, архив мамандары мен жазушының замандастары қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жиында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.
Дөңгелек үстел аясында Шерхан Мұртазаның жеке қорынан Ұлттық архивке қабылданған сирек құжаттары мен қолжазбалары, қойын дәптерлері, фотосуреттері мен кітаптары ұсынылған көрме өтті. Сонымен қатар қаламгердің қазақ баспасөзі мен ұлттық журналистиканың дамуына қосқан айрықша үлесі мен азаматтық ұстанымы баяндалды.



