Ел тынысыСаясат

Шекарашыларды шақырды

Астананың халықаралық әуежайында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілерімен кездесті.

Жалпыұлттық коалицияның Астана қалалық штабының төрағасы Ерлан Каналимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық кеңес мүшесі Марат Бәшімов, Amanat партиясы Астана қаласы Есіл аудандық филиалының төрағасы, Есіл ауданы бо­йынша коалиция штабының басшысы Санира Жүсіпова, Астана қалалық мәслихатының депутаты, жалпыұлттық коалицияның Астана қалалық штабы төрағасының орынбасары Ғабит Тәжімұратов, сондай-ақ қоғам белсендісі, кәсіпкер әрі блогер Әсем Нұрсейітова қатысты.

Кездесу барысында мәслихат депутаты, жалпыұлттық коалицияның Астана қалалық штабы төрағасының орынбасары Ғабит Тәжімұратов жаңа Конституция жобасы еліміздің болашағына қатысты маңыз­ды құжат екенін айтты.

«Бұл – еліміздің келешегіне бағытталған маңызды қадам. Жаңа Конституция жобасында еліміздің деңгейін көтеретін көптеген норма қарастырылған. Қазіргі геосаяси жағдай күрделі, әлемде соғыстар болып жатыр. Сондықтан елімізге тұрақтылық қажет. Ал тұрақтылық болуы үшін осындай заңдар керек. Қазіргі таңда еліміздің жағдайы жақсарып келеді. Осы орайда сіздерге жаңа Конституция жобасымен мұқият танысып шығуды ұсынамын» деді спикер.

Amanat партиясы Астана қаласы Есіл аудандық филиалының төрағасы, Есіл ауданы бойынша коалиция штабының басшысы Санира Жүсіпова өз сөзінде әр азамат өзгерісті өзінен бастауы керектігіне тоқталды. Ол: «Біз қандай қызметте болсақ та, ең алдымен, тәуелсіз Қазақстанның азаматымыз. Сондықтан барша қазақстандықты дауыс беруге шақырамын. Әділетті әрі прогрессивті Қазақстан құру – біздің қолымызда. Жаңа Конституцияда ең басты құндылық – адам капиталы. Біздің құқығымыздың қорғалуы да осы құжатта айқын көрсетілген» деді.

Кездесу барысында спикер­лер мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты нығайту, елдің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігі үшін жаңа конституциялық бастамалардың маңызына тоқталды. Коалиция өкілдері азаматтарды ұсынылып отыр­ған заң жобасымен танысып, ел болашағын айқындайтын алдағы маңызды референдумға белсенді қатысуға шақырды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button