Қоғам
Шакира Қазақстанда өнер көрсетуі мүмкін

«Астана Концерт» продюсері Мәлік Хасенов Шакираның Қазақстанда болуы мүмкін концерті бойынша келіссөз жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бұл ақпарат блогер Камиль Байрамовтың парақшасында жарияланған бейнеден мәлім болды.
Мәлік Хасеновпен сұхбатында блогер Дженнифер Лопестен кейінгі әлемдік жұлдыз ретінде Шакираны шақыруды ұсынды.
– Мен сізге кішкентай құпияны ашамын. Біз онымен келіссөз жүргізіп жатырмыз, егер бәрі жоспарға сай болса, келісімдерді күзде аяқтаймыз. Жаңалық күтіңіздер, – деп мәлімдеді Мәлік Хасенов.
Бұған дейін Джей Лоның Астанадағы концерті қалай өткенін жазған едік.
10 тамыз күні ол Алматыда өнер көрсетеді.
Ал Backstreet Boys концертіне билет 14 шілдеден сатыла бастайды.