Мәдениет

Шахматтағы қос шебер

Астана қаласындағы №22 мектеп-гимназияның оқушылары, ағайынды Алдияр (13 жаста) мен Алимжан (11 жаста) Жауынбайлар, шахмат әлемінде ерекше жетістіктерге жетіп, ел намысын қорғап жүр.

Олар 2024 жылы Ташкентте өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында өз жас ерекшелігі бойынша чемпион атанды. Ал биылғы Душанбеде өткен Батыс Азия чемпио­натында алтын медаль жеңіп, елге үлкен мәртебе алып келді. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек олардың жетістіктерін жоғары бағалап, арнайы алғыс хат табыс етті.

Шахматтан бөлек, ағайынды Жауынбайлар мектепте жақсы оқиды, бос уақытында робототехника мен жүзумен айналысады.

Қос шахматшының әкесі Абай Жауынбайұлы «Балаларымның шахматқа деген ынтасы мені қатты қуантады. Бұл спорт оларға тәртіп пен шыдамдылықты үйретеді» дейді.

Қазіргі таңда жас спортшыларымыздың екеуі де Қазақстанның балалар мен жасөспірімдер құрамасының, сондай-ақ Астана қаласының құрама командасының мүшелері.

Айнамкөз БҮРКІТЖАН,
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button