Шахмат ойнап, грант ұтты

Астана қаласында шахматтан «Fizmat Chess Open 2024» турнирі өтті. Додаға Қазақстанның әр өңірінен 5 пен 16 жас аралығындағы 300-ден аса оқушы қатысты.
Турнирді Қазақстан шахмат федерациясы, Республикалық физика-математика мектебі және GMCA шахмат академиясы ұйымдастырады.
«Fizmat Chess OPEN» – жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін ауқымды турнирлердің бірі. Осымен 4 жыл қатарынан ұйымдастырылған турнирде Астана, Алматы, Талдықорған, Павлодар, Петропавл, Қарағанды және тағы басқа қалалардың шахматшылары бақ сынасты. Қатысушылардың 30-ға жуығы – қыздар. Осыған дейінгі өткен «Fizmat Chess Open» турнирлеріне Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей, Украин елдерінен де келген шахматшылар қатысқан болатын.
Тартысты додадғы басты олжа – Республикалық физика-математика мектебінде оқуға тегін грант. Аталған жүлдені бұл жолы Әмір Төлегенов бірінші орынды иемденді. Ол 11 ойынның 10-да ешкімге дес бермеді. Одан кейін Сүлейман Ахмет екінші, үшінші орынды Алтынбек Құсайын алды. Қыздар арасында Алима Өмірсерік үздік нәтиже көрсетті. Талдықорған қаласынан келген 13 жасар Алима да алты жасынан бастап шахматпен айналысады.