Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл

Қазақ вальсінің королі – Шәмші Қалдаяқовқа 95 жыл. Ол жазған әндер – бір дәуірдің үні, халықтың жүрегіндегі мәңгілік әуен. «Менің Қазақстаным», «Арыс жағасында», «Ақ бантик» секілді туындылары ұлт руханиятының асыл қазынасы.
Шәмшінің музыкасы – сағыныш пен қуаныштың, жастық пен махаббаттың әуені. Оның әрбір нотасында қазақ даласының иісі, жан толғанысы бар.
Қазақ музыкасының тарихында өшпес із қалдырған сазгер, «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келді.
Шәмші Қалдаяқов 40 жылдан астам шығармашылық жолында 300-ге жуық ән жазды. 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын иеленсе, 1991 жылы Қазақстан Республикасының Халық әртісі атағы берілді.
1950 жылдан бастап шығармашылықпен айналысқан Шәмшінің әндері елге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген шексіз сүйіспеншілікке толы болды. Әндеріне Мұхтар Шаханов, Қадыр Мырза Әли, Тұманбай Молдағалиев, Жұмекен Нәжімеденов сынды ақындар өлең жазды.
Қазақтың кең даласын жырға қосқан «Ақ ерке – Ақ Жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Теріскей», «Қарқаралы», «Өмір өзен» сынды әндері халық жүрегінен орын алды. Ал шаттыққа толы «Бақыт құшағында», «Отырардағы той», «Бәрінен де сен сұлу» шығармалары 60–70 жылдары сазгердің танымалдылығын тіпті арттырды.
Шәмшінің әндері әлі күнге дейін халықтың жадында сақталып, шырқалып келеді. Kursiv Media солардың бір екеуінің тарихына тоқталып өтті.