Астанадағы Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейде 8 Наурыз — Аналар мен арулар мерекесі қарсаңында «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Бұл іс-шара «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығы және «Шабыт» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды. Ұстаз бен шәкірт үндестігі көрініс тапқан дәстүрлі байқау 2022 жылдан бері өткізіліп келеді.
— Екі жұлдыз» — бұл жай ғана концерттік бағдарлама емес, бұл мектептегі ұрпақтар арасындағы алтын көпір. Өнер арқылы ұстаз өз шәкіртіне жаңа қырынан танылып, ортақ жеңіске жол ашатын бірегей жоба биылғы жылы да жалғасын тауып отыр. Бұл мектеп оқушысы мен ұстаз арасындағы тығыз байланысты көрсетеді, — деді байқаудың салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейінің директоры Анаргүл Оспанова.

Дәстүрлі байқау биыл алғаш рет Сарыарқа ауданы мектептерінің арасында ұйымдастырылып, ауданның ең талантты ұстаздары мен өнерлі оқушыларының басын бір сахнада тоғыстырды. Байқау шарты бойынша қатысушы жұптар вокалдық шеберліктерін, сахналық образдары мен актерлік қабілеттерін көрсетті. Қазылар алқасы орындаушылардың дауыс үйлесімділігі мен репертуар таңдаудағы ерекшеліктеріне баса назар аударып, жеңімпаздарды анықтады.

Сайыс барысында бас жүлдені М. Дулатов атындағы №68 мектеп-гимназиясы атынан қатысқан Маулет Ташкен мен Ақнұр Сұлтанбек жеңіп алды. Ал, 1 орынды С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясы атынан қатысқан Алдияр Қабдырай мен Байғазы Мұхитов місе тұтты. 2 орынды №15 мектеп-лицейі атынан қатысушы Ника Сюваткина мен Құралай Қадырғалиеваға қанжығасына байлады. Ал, Ә. Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі атынан додаға түскен Шынар Кәдірбек пен Мансұр Азатқали мен І. Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясы атынан қатысушы Айнұр Жұмаева мен Жансая Түсүпбекке 3 орын бұйырды. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ



