Саяси жүйенің әділетті, ашық әрі орнықты моделін қалыптастыруға жол ашуда

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия аясында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыс жалғасуда.
Осы кезеңде елдің негізгі Заңын жаңғыртуға қатысты ұсыныстар мен тұжырымдар жан-жақты зерделеніп, жүйелі түрде жинақталды. Комиссия алаңында айтылған пікірлер бүгінгі қоғамның нақты сұранысын ғана емес, болашаққа бағдарланған заманауи әрі прогрессивті ұстанымдарды да қамтыды.
Атап айтқанда, құқықтық жаңғыру үдерісінде ғылым мен білімнің рөлін күшейту, шығармашылық әлеуетті дамыту, ұлттық рух пен заманауи бірегейлікті үйлестіру мәселелеріне ерекше мән берілді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар – бұл тек құқықтық нормаларды жаңарту емес, ең алдымен қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға арналған жүйелі қадам. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты реформалардың өзегіне айналып, саяси жүйенің әділетті, ашық әрі орнықты моделін қалыптастыруға жол ашып отыр.
Комиссия жұмысы барысында мемлекеттік басқару институттарын жетілдіру, билік тармақтарының өзара тиімді әрекеттесуін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту мәселелері жан-жақты қаралды.
Бұл қоғамның сұранысына жауап беретін, уақыт талабына сай шешімдерді талап ететін күрделі процесс.
Маңыздысы – аталған өзгерістер ашық диалог, кәсіби талдау және ортақ жауапкершілік негізінде жүзеге асуда. Мемлекет, азаматтық қоғам және сарапшылар қауымдастығы арасындағы өзара сенім мен бірлескен жұмыс қана конституциялық реформалардың нақты нәтижесін қамтамасыз ете алады.
Қолға алынған бастамалар еліміздің саяси жаңғыру жолындағы берік қадамына, әділетті және заманауи Қазақстанды қалыптастырудың мызғымас іргетасына айналатынына сенім мол.
Жеңіс ҚАСЫМБЕК,
Астана қаласының әкімі



