Саяси реформаға бастау болды

Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – бұл әрине ел экономикасының салаларын жасанды интеллект пен цифрландыру аясында дамытуға көңіл бөлінуі.
Президент үш жылдың ішінде цифрлық ұлт құрамыз деп отыр. Одан бөлек цифрлық теңге, цифрлық қала, цифрлық активтер қорын және жасанды интеллект министрлігін құру сияқты бастамаларды бекер айтып отырған жоқ. Осылайша біздің экономиканың әр саласы, ауылшаруашылығы, энергетика, банк салалары да осы бағытта дамиды.
Тағы бір маңызды саяси тұрғыдағы реформа – бір палаталы Парламент құру. Бұл – бүгінге дейінгі Бес саяси реформалар пакетінің нәтижесі деп қарауымыз керек. Себебі бұл — логикалық қорытынды. Қазіргі таңда Президент демократиялық институтты одан әрі дамытып, жергілікті өзін-өзі басқаруға басымдық беріп отыр. Мемлекет басшысы айтқандай, барынша барлық салада цифрландыру жұмыстарын жүргізер болсақ, бүгін Жолдауда қамтылмай қалған мәселелер де біртіндеп шешімін табады деп ойлаймын.
Қазбек Майгельдинов,
саясаттанушы