Елорда тынысы

Саябақта скандинавиялық таяқпен жүруден жаттығу өтті

Елордадағы «Жетісу» саябағында скандинавиялық жүрістен кезекті жаттығу өтті. Оған қала тұрғындары мен қонақтарының қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жаттығу бір сағатқа созылып, нұсқаушы қатысушыларға жүрістің дұрыс техникасын түсіндірді

«Бұл өте қолжетімді әрі пайдалы спорт түрі. Барлық бұлшықет жұмыс істейді: арқа, қол, аяқ. Маған әсіресе дененің тік қалпына келуі ұнайды. Бар болғаны бір айдан бері айналысып жүрмін, бірақ қазірдің өзінде нәтижесін көріп жүрмін», – деді жаттығуға қатысушы Әсел Құдайқұлова.

Жобаны қала әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Сабақтар тіркеусіз, тегін өткізіледі.
«Скандинавиялық жүріс – біздің басым жобаларымыздың бірі. Қазір жаттығулар елорданың бірден алты саябағында өтіп жатыр. Әркімнің үйіне жақын жерде тегін спортпен айналысуына жағдай жасауға тырысамыз. Қызығушылық артып келеді – әр жаттығуға 20-30 адам қатысады», – деді Астана әкімдігі Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Сабақтар 6 тамыздан 5 қазанға дейін аптасына үш рет – сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Жаттығу орындары:
• «Жетісу» саябағы (Есіл ауданы) – «Шарын шатқалының» артында;
• «Йога» саябағы (Сарыарқа ауданы) – Бейбітшілік көшесі мен Бұқарбай батыр көшесінің қиылысы;
• Орталық саябақ (Нұра ауданы) – шаңғы-роллер трассасы;
• «Жерұйық» саябағы және Триатлон паркі (Алматы ауданы);
• Президент саябағы (Сарайшық ауданы) – Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 1Б.

Маңызды ақпаратты +7 747 095 78 62 телефоны арқылы алуға болады. Жаттығу кестесі Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының сайтында және Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button