
Астана қаласы Сарыарқа ауданының аппаратында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Талқылауға аудан әкімі Жанасыл Шаукентаев, Құқық қорғау органдары, аудандық аппарат қызметкерлері, Қоғамдық кеңес мүшесі Юсуф Келигов қатысты.
Жиында жаңа Конституция жобасында еліміздің тарихи және мәдени құндылықтары ескеріліп, «Әділетті Қазақстан» идеясына, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Адал азамат», «Заң және Тәртіп» қағидаттарына басымдық берілгені айтылды.



