Құқық

Сарыарқа ауданында жаңа учаскелік полиция пункті жұмысын бастады

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында елордада жергілікті атқарушы органның қолдауымен Сарыарқа ауданында Ақан сері көшесі, 18 мекенжайында орналасқан «Зере-1» тұрғын үй кешенінде №86 жаңа учаскелік полиция пункті өз жұмысын бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Учаскелік полиция пункті қызметтік қызметті атқаруға қажетті барлық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Нысанның жалпы аумағы 96 шаршы метрді құрайды. Мұнда азаматтарды қабылдау бөлмесі, кезекші инспекторларға арналған орын-жайлар, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының қызметтік кабинеттері қарастырылған.

Ашылу салтанатына Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Марат Төлебаев, «Сарыарқа» ауданының әкімі Жанасыл Шаукентаев, сондай-ақ прокуратура органдарының өкілдері қатысты. — «Қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру тұрғындармен тұрақты кері байланыс болған жағдайда ғана мүмкін. Біз полиция әрбір азаматқа жақын, ашық әрі қолжетімді болуын көздейтін халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын жүйелі түрде іске асырып келеміз», — деп атап өтті Марат Төлебаев.

Қызмет көрсетілетін аумақта білім беру ұйымдары, оның ішінде жалпы білім беретін мектептер орналасқан, бұл жастармен профилактикалық жұмыстың маңыздылығын арттыра түседі. Жаңа учаскелік полиция пунктінің ашылуы қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және аудан тұрғындары үшін полиция көмегінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған тағы бір маңызды қадам болды. Оның қызметі азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және полиция мен халық арасындағы тығыз өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button