Құқық

Сарыарқа ауданында түнгі рейдте көшеде жүрген 200-ге жуық жасөспірім анықталды

Астанада 27–29 шілде аралығында «Заң және тәртіп» бастамасы аясында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің назарынан тыс көшеде жүруін болдырмау, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Рейд нәтижесінде Сарыарқа ауданының полиция басқармасына 200-ге жуық жасөспірім жеткізілді. Сонымен қатар 150-ден астам ата-ана мен заңды өкілге ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 9 жасөспірім Балаларды қолдау орталығына жіберілді.

Полиция кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүріс-тұрысына жауапкершілік ересектерге жүктелетінін еске салады. Бұл талаптарды бұзу тек әкімшілік жауапкершілікке ғана емес, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін салдарға да әкелуі мүмкін.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button