Қоғам

Сарыарқа ауданы тұрғындарына Жолдаудың негізгі бағыттары түсіндірілді

Елорданың Сарырқа ауданы әкімдігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі бағыттарды түсіндіру бойынша аудан белсенділерімен кездесу өтті, деп хабарлады astana-akshamy.kz.

«Сарыарқа ауданының активі еліміздің белсенді активі ретінде Мемлекет басшысының бастамалары мен саясатын аудан тұрғындарына дұрыс түсіндіру ісіне белсене атсалысуымыз қажет. Жолдаудағы негізгі бағыт – қазақстандықтардың барлық саласында ЖИ біртіндеп дамыту, бизнес процестерді дамыту», — деді Сарыарқа ауданы әкімі Жанасыл Шәукентаев.

Кездесу барысында Жолдаудағы негізгі бағыттар талқыланды.

«Мемлекет басшысы Жолдауында жасанды интеллект, цифрлық даму елдің дамуындағы айқындаушы рөл атқаратыны туралы айтып өтті. Бүгінде цифрлық технологиялар көптеген мәселелердің экономикалық, әлеуметтік тұрғыда дамуына септігін тигізуде. Технологиялар ұлттық дәстүріміз бен құндылықтарымызды сақтап қалуда үлкен рөл ойнайды. Зиялы қауымның сізбен ЖИ арқылы сөйлесуіне технологиялар үлесін қосады», — деді Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Мейірбек Мұхатов.

Аудан әкімінің айтуынша, Президент адам ресурсын дамытудың маңыздылығын мектеп қабырғасынан бастауды ерекше атап өтті. Осы жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Мемлекеттік институттар мен қоғам тарапынан сапалы техникалық білім беруді, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қоғамның дамуы және оның ел экономикасына қосқан үлесі мемлекеттік саясаттың басты аксиомасы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button