Ел тынысы

Сарбаздардың аналарына тосын сый жасалды

Астана қаласында Екінші республикалық сарбаз аналар форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, өзге де күштік құрылымдардың өкілдері, Парламент депутаттары және қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Форум аясында Отан алдындағы азаматтық борышын үздік атқарып жүрген сарбаздардың аналарына құрмет көрсетілді. Құқықтық тәртіп әскерінде қызмет атқаратын сарбаздардың аналарына марапатты Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов табыстады.

Сахнада аналарды тағы бір жағымды тосын сый күтіп тұрды. Олар елдің әртүрлі аймақтарында қызмет ететін ұлдарымен кездесті. Әскери қызметшілер іс-шараға алдын-ала келіп, күтпеген жерден аналарымен қауышу үшін сахнаға көтерілді. Айта кетейік, сарбаздар ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас Қолбасшысы құқығымен грамоталармен марапатталып,  10 күндік демалыс алды. Кейбір аналар қуаныштың көз жасын жасыра алмады.

– Мен Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде қызмет атқарамын. Бүгінгі шараны ұйымдастырушылар мен әскер басшылығына шексіз ризашылығымды білдіремін, – деді қатардағы жауынгер Владимир Анисимов.

Тағы бір үлгілі сарбаз – қатардағы Әділ Байпақов та өз алғысын жеткізді:

– Анамды көргеніме қуаныштымын. Бұл – мен үшін ең бақытты сәттердің бірі. Қызметімді жоғары бағалаған басшылыққа алғысымды айтамын, – деп атап өтті ол.

Мерекелік шара Ұлттық ұланның ән-би ансамблі және басқа да күштік құрылымдардың әскери өнерпаздарының ұйымдастыруымен өткен концертпен жалғасты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button