Ел тынысыСаясат

Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады

Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен «Қазақстанның жаңа Конституциясы — қазақстандық қоғамның жаңа мән-мағынасы мен құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында сарапшылық талқылау өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Талқылау жаңа Конституция жобасын жан-жақты талдау, ғылыми қауымдастық өкілдері мен Конституциялық комиссия мүшелері арасында пікір алмасу, сондай-ақ қазіргі заманғы конституциялық өзгерістерді түсіндіру және бағалау тәсілдерін айқындау алаңы болды.

Жиынға ғылыми қауымдастық өкілдері, сарапшылар және Конституциялық комиссия мүшелері қатысты. Қатысушылар жобаның негізгі ережелерін, соның ішінде халықаралық және ұлттық құқық арасындағы үйлесімділік, реформалардың гуманитарлық және құндылықтық аспектілері, азаматтық қатысу механизмдерін дамыту және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту мәселелерін қарастырды.

А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, Конституциялық комиссия мүшесі Анар Фазылжан «Реформалардың гуманитарлық өлшемін және мәдени-идентификациялық факторларды ескеру қоғамдық дамудың сабақтастығын сақтауға және құндылықтық бағдарларды нығайтуға ықпал етеді», — деп атап өтті.

ФСДИ бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Шолпан Джаманбалаева Конституция жобасында әртүрлі әлеуметтік топтардың және азаматтық қоғам институттарының мүдделерін ескеруге арналған механизмдер қарастырылғанын айта кетті.

ФСДИ Әлемдік және қазақ философиясы орталығының жетекшісі Серік Нұрмұратов Жобаны талқылау қоғамның жоғары қызығушылығын көрсетеді және тұрақты конституциялық нормаларды сақтаудың маңызды екенін қоса айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасы елдің құқықтық дамуының сапалы жаңартылған моделін қалыптастыратынын атап өтіп, конституциялық реформаны мемлекеттің және қоғамның жаңғыруындағы маңызды кезең ретінде қолдады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button