Қала мен сала

Сарайшыққа сән береді

Астананың Сарайшық ауданында жаңа сауда орталығы бой көтереді. Көктемде пайдалануға берілетін бес қабатты нысанның ішінде аудандағы алғашқы кинотеатр орналасады. Бұл туралы аудан әкімі Мақсат Саматұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«2026 жылдың мамыр айын­да Сарайшық ауданында жаңа сауда үйі ашылады. А.Байтұрсынұлы мен М.Тынышбайұлы көшелерінің қиылысында бой көтеріп жатқан «Jibek joly» сауда-­ойын-сауық орталығы – ауданымыздың дамуына тың серпін беретін маңызды жобаның бірі. Құрылысы 2024 жылдың үшінші тоқсанында басталған, жалпы аума­ғы 16347 м² болатын бес қабатты бұл нысан көктемде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жоба тұрғындардың сұранысына сай, заманауи әрі көпфункционал­ды қоғамдық кеңістік қалып­тастыруға бағытталған» деп жазды Мақсат Саматұлы.

Сарайшыққа сән беретін алғашқы кинотеатр дәл осы орталықта ашылады. Мұнда шамамен 70-ке жуық сауда орны болады деп жоспар­ланып отыр.

«Әрқайсысы 100 орындық 4 зал бір мезетте 400 көрерменді қабылдай алады. Бұл – аудан тұрғындары үшін сапалы мәдени демалысқа қолжетімділікті арттыратын маңызды қадам. Орталықта мейрамханалар мен кофеханалар, фудкорт аймағы, ­супермаркет, дәріхана, сұлулық салоны, химиямен ­тазалау, балалар мен ересек­терге арналған дүкендер жұмыс істейді. Ал шамамен 4000 м² құрайтын балалар және жасөспірімдерге арналған ойын аума­ғы отбасы демалысының жаңа орталығына айналмақ. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау – бас­ты назарда. Нысанда пан­дустар мен жеделсатылар қарастырылған, сондай-ақ ыңғайлы автотұрақ болады. Бұл жоба – аудан инфрақұрылымын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам. Көктемде жаңа орталықтың ашылуын бірге қарсы аламыз деп сенемін» деді аудан әкімі.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button