Әлеумет

Салық төлеушілер нені білуі керек?

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақ­станда жаңа Салық кодексі қолданысқа енді. Осыған орай, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексін енгізу шеңберінде арнаулы салық режимдері, оның ішінде тіркелген шегерім, бөлшек салық және басқа да режимдердің жойылғанын хабарлайды.

– 2025 жылы арнайы салық режимдерін қолданған және 2026 жылғы 1 қаңтар мен 28 ақпан аралығында қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған салық төлеушілер жойылған арнайы салық режимдері бойынша салық есептілігінің нысандары қолжетімсіз екенін ескеруі қажет. Қызметті тоқтату үшін салық төлеуші азамат бірнеше әрекетті орындау қажет. Ол үшін алдымен салық есептілігін ұсынады, яғни 2025 жылдың төртінші тоқсаны немесе 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін қолданған салық режиміне байланысты «Кезекті» түрінің белгісі бар декларация тапсыруы керек, – деді Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс­тер департаменті түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Қымбат Исенова.

Айтуынша, қызметті тоқ­тату үшін салық төлеу­ші азамат қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынады. Хабарламаның екінші бөлімінде «Оңайлатылған декларация негізінде АСР-ға» немесе «Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке» көшу және осы тәртіп түріне көшудің себебі, яғни «Ерікті түрде шешім қабылдау» туралы көрсетілуі қажет. Таңдалған режимді қолданудың басталу күні – 2026 жылғы 1 қаңтар.

– Қызметті тоқтатуды рә­сімдеу үшін салық төлеуші қызметті тоқтату туралы салық өтінішін бергеннен кейін таратылған салық есептілігін тапсыру керек. Салық есептілігі оңайлатылған декларация негі­зіндегі АСР қолданылған жағдайда, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін 910.00 нысан және жалпыға бірдей белгіленген тәртіп қолданылған жағдайда, 2026 жылдың бірінші тоқсаны үшін, яғни 2026 жыл үшін тапсырады. Қажет болған жағдайда, қызметті тоқтату үшін талап етілетін өзге де құжаттарды ұсынады, – деді басқарма басшысы.

Сонымен бірге салық салудың қолданылатын режимі туралы уақытылы берілген хабарлама болмаған жағдайда, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш қабылданбайды. Толығырақ ақпарат алу үшін 1414/3 нөміріне хабарласуыңызға болады немесе өзіңізді толғандырған барлық мәселеге жауапты @astana_mkd_dgd_astana Instagram парақшасынан ала аласыздар.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button