Салық режимін қолданудың артықшылықтары

Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті жаңа Салық кодексі аясында жаңартылған арнаулы салық режимі енгізілгенін хабарлайды.
Бұл режим оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейді. Арнаулы салық режимін қолданудың шарттары мынадай: табыс 600000 АЕК немесе 2595000000 теңгеден аспайды; режимді қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерін жүзеге асырмайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 қарашадағы №970 қаулысы); сондай-ақ әлеуметтік салық және қосылған құн салығы (ҚҚС) төлеушісі болып табылмайды.
Мәслихаттың 2025 жылғы 28 қарашағы №349/46-VIII шешімімен Астана қаласы бойынша салық ставкасы 3%-ды құрайды. Арнаулы салық режимін қолдануға басқа заңды тұлғалардың үлесі 25 пайыздан астам болатын заңды тұлғалар; құрылтайшысы немесе қатысушысы бір уақытта АСР қолданатын басқа заңды тұлғалар құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар; құрылтайшысы немесе қатысушысы АСР қолданатын заңды тұлғалар; арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын салық төлеушілер (жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер); коммерциялық емес ұйымдар; арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардың, «Астана хаб» қатысушылары; бірлескен қызмет туралы келісімдер бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер құқылы емес.
Арнаулы салық режимі негізіндегі оңайлатылған декларацияны қолдану үшін салық кезеңі жарты жылды құрайды. Толығырақ ақпаратты 1414/3 нөміріне хабарласу арқылы немесе @astana_mkd_dgd_astana Instagram парақшасы бойынша ала аласыздар.
Қымбат ИСЕНОВА,
Астана қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы



