Әлеумет

Салт-дәстүрді танытатын көрме

16 наурыз Наурызнама онкүндігі бойынша Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Осыған орай  Ұлттық академиялық кітапханада «Ұлттық мәдениеттің негізі – салт-дәстүрлер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Аталмыш кітапхананың ақпараттық-мәдени бағдарламалар бөлімінің әдіскері Таңшолпан Серікқызының айтуынша, бұл көрменің мақсаты – оқырмандарды қазақ халқының бай мәдени мұрасымен таныстырып, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың, ырым-тыйымдардың тәрбиелік мәнін насихаттау, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру.

Кітап көрмесіне халқымыздың салт-дәстүрі, ұлттық дүниетанымы, әдет-ғұрыптары мен рухани мұрасы туралы жазылған еңбектер қойылды. Атап айтқанда, Өзбекәлі Жәнібековтің «Дәстүр және уақыт», Дүнгенбай Ботпаевтың «Көктем кеші», «Қош келдің, Наурыз», «Жаңа дәстүр, жаңа салт», Қасымхан Бегмановтың «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» төрт томдығы, Нұролла Ғазизовтың «Көктем көңілі», «Дәстүрлі атаулар», «Қазақтың бата-тілегі», «Салт-дәстүр сөйлейді», «Армысың, әз Наурыз», Ұлықбек Есдәулеттің «Ұлыстың ұлы күні», т.б. кітаптар ұсынылды. Осы туындылар оқырмандарды ұлттық құндылықтардың мән-маңызын тереңірек тануға шақырып, халқымыздың рухани мұрасын дәріптеуге бағытталған.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button