Ел тынысы

Сала мамандары оқытудан өтті

Бас қаланың Кәсіпкерлер палатасында дуальді оқыту бағдарламасы аясында мамандардың кезекті тобына арналған оқыту сәтті аяқталды. Түрлі салалардың өкілдерінен құралған тағы 13 маман жаңа қызметтерді оқыту құқығына ие болып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Тәлімгерлер тізіліміне ресми түрде енгізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тәлімгерлерді даярлау бағдарламасы 2018 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және осы уақыт ішінде 583 маман қамтылды. Олардың қатарында мәдениет, мектепке дейінгі білім беру, құрылыс, энергетика, сән индустриясы және басқа да салалардың өкілдері бар. Бұл тәлімгерлік институтының еліміздегі кадр даярлау жүйесінде маңызды рөл атқаратынын және жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.

«Жұмыс орнында оқыту педагогикасы. Тәлімгер мамандарды аттестаттау» бағдарламасы бойынша өткен оқыту тәжірибесімен бөлісуге, жаңа қызметкерлерді бейімдеуге және олардың кәсіби ортаға сәтті енуіне көмектесуге дайын мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталды.

Тәлімгерлер мектебінің басты мақсаты – кәсіпорындардағы ішкі кадрлық саясат аясында тұрақты тәлімгерлік институтын қалыптастыру. Бұл тәсіл кадр тұрақсыздығын азайтып, жаңа қызметкерлердің бейімделуін жеделдетуге және ұйым ішіндегі адами ресурстар әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button