
Басқарма басшысының міндетін атқарушы Аян Смағұлов құрылыс саласындағы негізгі өзгерістер мен жаңа ережелерге түсініктеме берді. Оның айтуынша, Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, ал ұсынылып отырған өзгерістер елдің, соның ішінде елордамыздың дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Сонымен қатар, құрылыс саласы халық үшін ең өзекті бағыттардың бірі болып қала береді. Осыған байланысты аталмыш саладағы мемлекеттік қызметшілердің басты миссиясы – өз қызметтік міндеттерін аса жауапкершілікпен және адал орындау.
Кеңес барысында үлескерлердің құқықтарын қорғау, адал құрылыс салушыларды ынталандыру, тозығы жеткен тұрғын үйлерді қайта жаңғырту және басқа да өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлер Астана қаласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жаңа нормаларды зерделеу мен орындаудың маңыздылығын атап өтті.



