Қоғам

Сәкен Сейфуллин ескерткішінің маңын тазалады

«Таза Қазақстан» кең ауқымды акциясы аясында Біріккен музейлер дирекциясының қызметкерлері мен Сервис және туризм колледжінің студенттері Сәкен Сейфуллин ескерткіші аумағында тазалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Акцияға қатысушылар жиналған қоқысты арнайы орынға жеткізіп, жаяу жүргіншілер жолдарын тазартты. Ескерткіш айналасындағы қар мен мұзды күреп, аумақты ретке келтірді. Нысанның тарихи және мәдени маңыздылығын сақтау жұмысына ерекше көңіл бөлінді.
«Мұндай бастамалар тек мәдени мұра нысандарында тазалықты сақтауға себепші болып қана қоймай, жастардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауына, тарих пен ұлттық дәстүрлерге құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етеді», – деп атап өтті Сәкен Сейфуллин музейінің әдіскері Сәния Жанұзаққызы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button