Ел тынысыСаясат

Сабақтастық сақталған

– Жуырда Amanat партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракция мүшелері Конституция­ның жаңа мәтінін талқыладық. Партия төрағасы Ерлан Қошанов жаңадан жазылған Ата заңымыз­дың маңыздылығына тоқталып, депутаттарды ойды ортаға салып ашық талқылауға шақырды. Конституциялық реформаның жаңа сипаты, мазмұнды тұжырымдары бүгіннің ғана емес ертеңіміздің де байыпты бағдары, адам құқықтарына мән берілген бағаналы елдің – басты заңы!

Жаңа конституция – білім мен ғылымды, инновацияны Ата заң деңгейінде қорғау имму­нитетіне ие болып отыр. Ұлы даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығының сақталуына зер салынған. Адам – мемлекет үшін деген ұстаным мен мемлекет – адам үшін деген ұстаным әділетті тепе-теңдігін сақтауына мән берілген. Ата заңның ­84%-ы жаңарды.

Бұл – Қазақстанда ауқымды конституциялық реформа жүргізіліп жатқанының айқын дәлелі. Жиынтық жоба бойынша Конституцияның 77 бабына түзетулер енгізілді, бұл Ата заң мәтінінің 84%-ын қамтиды. Жобада преамбула, 11 бөлім, 104 бап бар. Екі жаңа бөлім қосылды, бірнеше бөлімнің атауы өзгерді.

Негізгі өзгерістер:

– жаңа бір палаталы Парламент моделі

– азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуы кеңейеді.

– Конституциялық соттың құқық қорғау рөлі күшейеді.

– адам құқықтары мен бос­тандықтарының кепілдіктері нығаяды.

Президенттік басқару формасы сақтала отырып, мемлекеттік билік жүйесі елеулі түрде жаңғырмақ. Біз Конституция­ға қарап өзімізді ғана емес, әлемге Қазақстанның қандай мемлекет болғысы келетінін де көрсетеміз. Инвестор да, халықаралық әріптестер де, түйіп айтқанда, өзге жұрт, ең алдымен құқықтық тұрақтылық пен адам құқығының қорғалуына қарайды.

Ата заң – халықты қорғауға, халық – Ата заңды құрметтеуге қабілетті болуы шарт. Алдағы конституциялық референдумның маңызын еліміздің әр саналы азаматы маңызын түсінуі, белсенді қатысуы маңызды, жетілдіру процесіне барша Қазақстан азаматтары мән беруі қажет. Бүгінде жаңа Конституция жобасы тек комиссияда ғана емес, қоғамда да қызу талқыланып жатыр. Бұл – жақсы үрдіс. Өйт­кені ол – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының нақты іске аса бастағанының айқын дәлелі.

Тағы бір атап өтерлік құбылыс – жаңа Конституция жобасына енгізілген түбегейлі бірқатар өзгерістердің жұртшылық тарапынан ерекше қызығушылық туғызуы.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ,

Мәжіліс депутаты

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button