Білім
Робототехникадан «FIRSTST Robotics» чемпионаты өтті

Астана қаласында 23-26 қаңтарда “USTEM Foundation” қоғамдық қоры робототехника бойынша “FIRSTST Robotics“ чемпионатын ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Осы чемпионатқа қатысқан Аягөз ауданы білім бөліміне қарасты «Жас техниктер станциясы» КММ орта топтан құралған League Challenge командасы, Қалалық қазақ мектеп- гимназиясы орта топтан құралған «NAIZAGAI» командасы, Қалалық қазақ мектеп-лицейінінен орта топтан құралған «Robo Spark» командасы Орта Азияда өтетін халықаралық чемпионатқа жолдама ұтып алды. Жетекшілері — Думан Жұмабай, Мақсат Абдилов пен Данияр Надырбаев, Рауан Исабаев, Әсел Абдильдина, Саулет Жұматай.
Қалалық қазақ мектеп-лицейі кіші топ командасы да халықаралық сертификат алды.



