Ел тынысыСаясат

Республикалық жастар ұйымдары жаңа Конституция жобасын қолдады

 Астанада республикалық жастар ұйымдарының қатысуымен конституциялық реформаларды талқылауға және оларды қоғамдық қолдауға бағытталған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында конституциялық реформалардың мәні мен маңызын түсіндіру, жастар ұйымдарының азаматтық қоғамды дамытудағы рөлін айқындау, сондай-ақ реформаларды қолдауда ортақ ұстаным қалыптастыру.

Іс-шараға Қазақстан Жастар конгресі, Қазақстан студенттер Альянсы, «Жастар Ассамблеясы» Республикалық жастар ұйымы, «Қазақстанның медициналық жастары» ҚҚ, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабының өкілдері қатысты.

Жиын соңында қатысушылар аталмыш реформаларды қолдайтындарын білдіріп, бұл өзгерістер елдің саяси жүйесін жаңғыртуға ықпал ететінін атап өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button