Ел тынысыСаясат

Ресейдегі қазақстандықтар жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс бере алады

2026 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша  республикалық референдум өтеді. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстанның Ресейдегі Бас консулдығы №456 сайлау учаскесінде дауыс бере алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Сайлау учаскесі Омбы уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Омбы қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 9-үй (Қазақстан Республикасы Бас консулдығының ғимараты).

Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.

Омбыдағы учаскеде дауыс беруді жоспарлап отырған сайлау процесін ұйымдастыруды жеңілдету үшін электрондық поштаға omsk@mfa.kz келесі мәліметтер жіберу туралы өтініш: Тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, ЖСН, Ресейдегі тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта.
Омбыдан басқа, Қазақстан Республикасының Елшілігінде және Бас консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беруге болады:

№429 сайлау учаскесі — Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3 «А»,                                                   сайт https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow?lang=kk
№454 сайлау учаскесі – Санкт-Петербург қаласы, Чайковский көшесі, 71-үй, сайт https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-s-petersburg?lang=kk
№465 сайлау учаскесі – Қазан қаласы, Карл Маркс көшесі, 8/13 үй, сайт https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan?lang=kk
№455 сайлау учаскесі – Астрахань қаласы, 1-ші Аршанская к-сі, 17 үй, сайт https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-astrakhan?lang=kk

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button