Ел тынысыСаясат

Реформа мәнін түсіндірді

Бас қаланың «Алаш» базарында орынды жалға алушылармен жаңа Конституция жобасы бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Конституциялық реформа мәнін Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бас маманы Бауыржан Қуатбекұлы мен Amanat партиясы Байқоңыр аудандық филиалы партиялық бақылау комитетінің төрағасы Талғат Мамықанов түсіндірді.

Спикерлер басты құжат жобасының бөлімдеріне тоқталып, бұл Конституция Әділетті Қазақстан идеясы және Заң мен тәртіп қағидатын ұстанып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтауға бағытталғанын атап өтті. Жаңа Ата заң бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйеніп, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып, табиғатты аялау қажеттігіне назар аударытынын айтты. Еліміздің жекелеген өңірлерінің экономикасын қарқынды дамыту мақсатында қаржы саласына қатысты арнаулы құқықтық режим немесе «қарқынды дамитын қала» арнаулы құқықтық режимі конституциялық заңдарға сәйкес белгіленуі мүмкіндігі жөнінде айта келе, оның мәнін түсіндірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button