Ел тынысыСаясат

Референдумға қатысу – саяси мәдениеттің маңызды көрінісі

«Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сараптамалық алаңның спикері Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры Индира Рыстина референдумның маңыздылығына, жаңа Конституция мәтініндегі адам құқықтарына тоқталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Бұл референдумның маңыздылығы – халықтың пікірін білуінде. Яғни, азаматтар жаңа Конституциямен келіседі ме, әлде келіспейді ме деген сұраққа жауап беру үшін әрбір азамат референдумға қатысып, өз таңдауын жасауы маңызды. Себебі Конституция – мемлекет пен азамат арасындағы қоғамдық келісім. Біз қандай ережелерге сүйеніп, алдағы уақытта өмір сүретінімізді айқындайтын негізгі құжат – осы Конституция. Сондықтан оны қабылдау – ортақ болашағымызды анықтау деген сөз. Бұл тұрғыда референдумға қатысу – саяси мәдениеттің маңызды көрінісі. Өйткені жаңа Конституция еліміздің жаңа «ойын ережелерін» белгілейді. Конституция мәтініне назар аударсақ, онда көптеген адам құқықтарының конституциялық нормалармен бекітілгенін көруге болады», — дейді спикер.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button