
Бүгін, 11-ші ақпанда Конституциялық реформа жөніндегі комиссия өзінің ХІІ соңғы отырысын өткізді. Отырыс нәтижесінде комиссия жаңа Конституцияның жобасын толық мақұлдап, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа референдум өткізу үшін шешім қабылдауға жолдады.
Комиссия төрағасы мен оның орынбасарын қабылдаған Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл референдум мемлекетіміздің дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Рефендум — халықтың өз билігін тікелей жүзеге асыруының бір нысаны. Халық референдум арқылы маңызды мәселелер бойынша өз пікірін білдіреді, ол халықты саяси процестерге белсенді қатысуға шақырады
Референдум Қазақстанның саяси дамуында маңызды орын алып, халықтың еркі мен биліктің легитимділігін қамтамасыз етеді және халықтың өз билігін тікелей жүзеге асыруының маңызды институты саналады.
Ендігі жерде отандастарымызға биыл 15-наурызда өз таңдау құқығы беріліп отыр. Сондықтан да, осындай елдік мәселе таразыға түсіп жатқанда ешкім шет қалмай, бірлігіміз бен парасаттылығымызды танытайық, ардақты ағайын!
Зұлфухар ҒАЙЫПОВ,
Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы,
ҚР Ұлттық құрылтай мүшесі, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі



