
Мемлекет Басшысы Қасым—Жомарт Тоқаев бүгін 2026 жылғы 15 наурызда Республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.
Бұл — Қазақстанның әрбір азаматы үшін өз пікірін білдіруге, елдің болашағы үшін маңызды өзгерістерге араласуға және жаңартылған Конституцияны қолдауға нақты мүмкіндік.
Адамдардың пікірі ескерілді және негізгі шешімдер қоғамның мүдделерін ескере отырып қабылданды.
Референдум—бұл белсенді азаматтық ұстанымды көрсету, Елдің тұрақтылығы мен бірлігіне үлес қосу, әркімнің құқықтары мен бостандықтарын қолдау мүмкіндігі. Бұл үдеріс қоғамда дамуға, өркендеуге және келісімге қадам болатынына сенімдімін. Қазақстан күштірек және қауіпсіз бола түсуде, ал халық бейбітшілікте, келісімде және болашаққа деген сенімде өмір сүруде!
Салтанат Женалаева,
Астана қалалық мәслихатының депутаты



