Ел тынысыСаясат

Референдум — бәрімізге ортақ іс

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 15 наурызға референдум белгіледі. Шыны керек, бұл – жай ғана кезектегі саяси науқан емес, ел болып ақылдасатын, ертеңімізді шешетін маңызды сәт.

Жаңа Конституция бізге не береді? Ең бастысы – жүйелі өзгеріс. Бұл құжат елдің алға басуына жол ашатын, мемлекеттің жұмысын ширататын негіз болады деп сенеміз.

Бұл жолы жобаны дайындауға қарапайым халықтың өзі де білек сыбана араласты. Көптеген азаматтар өз ойын, ұсынысын ашық айтып, комиссияға жолдады. Сондықтан бұл – біреулердің сыртымыздан жазып берген заңы емес, халықтың талқысынан өткен, елдің мүддесін көздейтін құжат.

Ертеңгі күнге нық қадам басу үшін осындай ортақ шешімдер керек-ақ. Сондықтан бұл референдумға бейжай қарамай, елдің болашағына үлес қосу – бәріміздің азаматтық парызымыз.

Ләззат РАЗБЕКОВА, 

Астана қалалық мәслихатының депутаты 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button