Қоғам

Рамазанға дайындық жұмыстары пысықталды

Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіповтің басшылығымен Республикалық Бас мешітте өкілдікке қарасты мешіт имамдарының жиыны өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жиында қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталып, қала имамдарына нақты тапсырмалар берілді. Бас имам құлшылық орындарының Рамазанға дайын болуын қадағалап, әрбір мәселе бойынша жалпы жоспар мен жауапты қызметкерлерді бекітуді тапсырды.

Тарауих намаздарының тәртібі, қарилардың дайындығы, ай бойы ұйымдастырылатын ауызашар дастархандарының әзірлігі пысықталды. Сонымен қатар, қасиетті айда қайырымдылық шараларын жандандыру, халыққа оразаға қатысты ақпараттық материалдар мен ораза кестелерін дайындау тапсырылды.

Қасиетті Рамазан айы биыл 19 ақпанда басталады. Наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн қасиетті Қадір түні, ал 20 наурыз ораза айт мерекесі болып белгіленген.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button