Денсаулық

Қызылшадан екпе арқылы сақтан!

Астана қаласында қызылша ауруы әлі де тіркелуде. Жылдың басынан бері аурудың 384 бастапқы жағдайы тіркелді, оның ішінде 234 жағдай, яғни 61%-ы зертханалық негізде расталды.

Науқастардың көбі — балалар. Расталған 234 жағдайдың 218-і (93,2%) 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі. Расталған жағдайлар бойынша қызылшамен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 14,8-ді құрады.

Негізгі тәуекел тобы — вакцина алмаған балалар, олар науқастардың шамамен 93,5%-ын (219) құрайды, оның ішінде бас тарту себебінен — 144 жағдай (61,5 %). Тағы 26,5% — вакцинация жасына жетпеген балалар және олар әсіресе осал топты құрайды, өйткені олар басқалардың иммунитетіне тәуелді.

Бұл дегеніміз вакцинациядан бас тарту ата — ананың жай ғана жеке таңдауы ғана емес, сонымен қатар әлі де өздігінен қорғалмайтын кішкентай сәбилерге қауіп төндіретінін білдіреді.

Қызылша балалардың жай ғана жеңіл ауруы емес. Бұл — ең жұқпалы вирустық аурулардың бірі. Мәселен, науқаспен байланыста болған кезде қорғалмаған адамдардың 90-95% жұқтырады.

Аурушаңдық бойынша осы инфекцияға ең сезімтал топ ұйымдастырылмаған санаттағы топтардан шыққан балалар — 63% (58 жағдай), мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалар — 14% (13 жағдай), оқушылар — 7 % (6 жағдай), студенттер — 5 % (5 жағдай), басқа санаттар — 10 % (10 жағдай) құрайды.

Вирус ауа арқылы таралып қана қоймай, жөтелу, түшкіру және тіпті қалыпты сөйлесу арқылы және балалар баратын ұжымдарда, мектептерде, балабақшаларда, қоғамдық орындарда тез таралуы мүмкін.

Қызылша әсіресе жас балаларда, жүкті әйелдерде және иммунитеті төмен адамдарда ауыр түрде өтеді. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, қызылшадан жалғыз сенімді қорғаныс-вакцинация.

Қызылшаның таралуын тоқтату үшін халықтың кем дегенде 95% — ы вакцинация алуы керек. Тек осы деңгейде ұжымдық иммунитет қалыптасады және соның ішінде жасына немесе денсаулығына байланысты вакцинация алуға қарсы көрсетілімдері бар жандарды қорғайды.

Көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей: вакцинация алу деңгейі төмендеген сайын, қызылша қайта оралады.

Қазіргі уақытта елорданың емханаларында «догоняющая» вакцинациясы жүргізілуде, яғни вакцинацияны өткізіп алған балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша егу науқандары.

Сондай-ақ, вакцинация алмаған немесе вакцинация мәртебесі белгісіз науқастармен байланысқан адамдар үшін 72 сағат ішінде шұғыл иммундау жүргізіледі. Бұл аурудың дамуын болдырмайтын және вирустың одан әрі таралуын тоқтататын тиімді шара.

Құрметті ата-аналар мен елорда тұрғындары!

Бүгін бізде қызылшаның таралуын тоқтатудың нақты мүмкіндігі бар. Ол үшін қарапайым, бірақ жауапты шешім — вакцинация қажет.

Ата-аналардан сұрайтынымыз:

* балаларыңыздың егу мәртебесін тексеріңіз;

* егер ол екпені өткізіп алса немесе алғандығы туралы деректер жоқ болса, вакцинацияны уақтылы алыңыз;

* науқаспен байланыста болғаннан кейін шұғыл вакцинациядан бас тартпаңыз;

* егер ауру белгілері пайда болса, дереу дәрігерге хабарласыңыз.

Вакцина алу-бұл бір баланы ғана емес, бүкіл халықты қорғаумен тең.

Ертең ауыр және қайтымсыз салдарға тап болмас үшін- балаларыңыздың денсаулығына бүгін қамқорлық көрсетіңіз.

Айгүл Шағалтаева, 

Астана қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button