Ел тынысы

Қызметке бастар бірегей жол

Қазіргі заман – бәсеке мен жаңашылдықтың заманы. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі де соған сай кадрлармен тікелей байланысты.

Президентіміздің «Бізге білікті, бастамашыл, ел тағдырына бейжай қарамайтын жас мамандар қажет» деген идеясы аясында жүзеге асқан Президенттік жастар кадр резерві жобасы мемлекеттік қызметке жаңа серпін берген жобалардың бірі ретінде танылды.

Бұл бастама еліміздің даму бағытына сай, басқарушылық қабілеті жоғары, жаңашыл ойлайтын, отаншыл әрі кәсіби білікті жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында құрылған.

Алғаш рет жоба 2019 жылы ұсынылып, қазіргі таңда үш іріктеу кезеңі өткізіліп, төртінші іріктеу толқыны жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін өткен үш іріктеу кезеңіне елордадан 4 мыңнан астам жас маман қатысып, олардың ішінен 100-ге жуық азамат резервке қабылданған.

Қазіргі таңда резервке ілінген жастар түрлі министрліктерде, әкімдіктерде, ұлттық компанияларда табысты еңбек етіп жүр. Олар – тәжірибелі мамандармен қатар, мемлекеттік аппаратта жаңа мәдениет қалыптастырушы жаңа буын.

Президенттік жастар кадр резерві Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының басым бағыттарымен толық үндеседі. Атап айтқанда, тұжырымдамада адами капиталды тиімді дамыту, жастарға сенім арту және олардың әлеуетін мемлекеттік басқаруда пайдалану негізгі мақсаттардың бірі ретінде белгіленген.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезовтің сөзі жастардың тәрбиесі мен дамуына қамқор болудың маңызын көрсетсе, Президенттік резерв – сол қамқорлықтың іс жүзіндегі көрінісі.

                                              Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

                                              Астана қаласы бойынша департаменті

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button