Қытайдың танымал блогері Қазақстан туризмнің елшісі атанды

Астанада Kazakh Tourism басшысы Қайрат Сәдуақасов «Қазақстан туризмінің елшісі» мәртебесін Қытайдың танымал инфлюенсері Таотаоға табыс етті. Блогер өзінің ықыласымен еліміздің бай мәдениеті мен табиғатын 7 миллиондық аудиториясына таныстырып келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қытайлық инфлюенсер Қазақстанның 3 өңірімен танысып үлгерді. Ол алғаш рет елімізге 2024 жылы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында келген. Бұл жолы Таотао Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының бірегей табиғи жерлерін саяхаттап, Астана және Алматы қалаларының айналасымен танысуда.
Таотао атқа мінуге үлкен қызығушылық танытады. Ол еліміздің мәдениеті мен көркем табиғи ландшафттарына ерекше назар аударады. Блогер өз жарияланымдарында қазақтың дәстүрлі киімдері мен ұлттық асхананы паш етеді, бүркітпен аң аулау тәрізді бірегей сәттермен бөліседі.
Kazakh Tourism 2018 жылдан бері «ҚР туризмінің елшісі» бастамасын жүзеге асыруда. Бұл Қазақстанды тартымды туристік бағыт ретінде ілгерілетуге, әлемнің түкпір-түкпіріндегі саяхатшылар назарын еліміздің табиғи және мәдени байлығының алуан түрлілігіне аударуға бағытталған. Өткен жылы құрметті миссияны жапондық блогер Юджи Натсума қабылдады.