Ел тынысы

Қытай Маңғыстауда күн электр станциясын салып жатыр

Қытайлық энергетиктер Маңғыстау облысында күн электр станциясының құрылысын жалғастырып жатыр. Жобаның 80%-ы аяқталғанын жоба менеджері Чжан Пэн мәлімдеді. Нысанды іске қосу 30 қыркүйекке жоспарланған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Станцияның қуаты – 20 МВт. Ол жылына 25 миллион киловатт-сағат электр өндіреді. Бұл шамамен 6 мың үйді немесе 17 мың адам тұратын бір ауылды жарықпен қамтуға жеткілікті. Жоба Батыс Қазақстандағы энергия жүйесіне түсетін жүктемені азайтады.

Сонымен қатар, жоба іске қосылған соң көмірқышқыл газының шығарындылары жылына 2 500 тоннаға дейін қысқарады. Бұл Қазақстан үшін маңызды, өйткені елдегі электр қуатының негізгі бөлігі әлі де көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларынан алынады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button