Ел тынысы

Қысқы кезеңдегі қауіпсіздік

Елорда құтқарушылары қысқы кезеңде аэроқайық пен қарда жүретін көліктерді қолдана отырып су айдындарын патрульдеуді жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

ТЖД-ның қару-жарағында бар техника қолжетімділігі қиын жерлерде төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге, сондай-ақ қатқан су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Патрульдеу барысында құтқарушылар тұрғындармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, мұз үстінде қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын еске салады. Адамдар көп жиналатын орындарға ерекше назар аударылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button