Әлеумет

Қысқы аэрация жұмыстары басталды

«Есіл-Астана кеме қатынасы компаниясы» ЖШС Есіл өзенін аэрациялау жұмыстарын бастады. Бұл шараның мақсаты – су айдынындағы оттегі тапшылығының алдын алып, балық ресурстарын аман сақтап қалу.

Қыста суда еріген оттегінің деңгейі төмендесе өзендегі балықтардың тыныс алуы қиындайды. Осыған орай қысқы аэрация жұмыстары басталды.

Аэрациялау арқылы су оттегімен қанықтырылып, мұз астында жиналатын зиянды газдар шығарылады. Бұл өз кезегінде су қоймасындағы оттегінің тұрақты деңгейін сақтауға көмектеседі.

– Бұл жұмыстар арнайы жабдықтардың көмегімен жүргізіледі. Атап айтқанда, мұз бұрғылары, сағатына 80 текше метрге дейін су айдайтын мотор сорғылары және күшейтілген шлангілер пайдаланылады. Жобаға 7 маман және 2 қызметтік көлік тартылды. Сонымен қатар, қамыс шабылып, мұз шұңқырларына орнатылды. Бұл судың оттегімен толық қанығуын арттырады, – деді қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының Су объектілері мен қалдықтарды басқару бөлімінің басшысы Жанар Садвакасова.

Қазіргі таңда өзеннің төрт учаскесінде яғни Арқар көпірінен Марал көпіріне, Қараөткел көпірінен Атырау жаяу жүргіншілер көпіріне, Серуен жаяу жүргіншілер көпірінен Тұлпар көпіріне, Тұлпар көпірінен газ жабдықтары аймағына дейінгі жұмыстар толық аяқталды.

Мамандардың айтуынша, 840 мұз шұңқыры және 32 аэрациялық ойық жасалды. Қамыс жағалаулары орнатылып, жолақтар арасына су айдалды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button