Ел тынысы

Қыркүйектен бастап мобильді аударымдар тексеріле бастайды

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, үш ай ішінде бір адамның банк картасына әртүрлі адамдардан 100-ден артық аударым жасалып, жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асса, ол ресми табыс ретінде есептеледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Егер бір адам қызына, әкесіне, бауырына ақша аударса – ешқандай сұрақ болмайды. Тіпті бұл 1 млн, 2 млн теңге болса да – ешқандай мәселе жоқ. Тағы да айтамын – үш шарт бір уақытта орындалуы керек.

Біріншіден – 100 түрлі адам. Егер екі адам бір-біріне аударым жасаса, тіпті 10 адам болса да, бұл критерийге жатпайды. Екіншіден – егер 100 адам қатарынан үш ай бойы бір адамға ақша аударса. Үшіншіден – бұл сома 1 млн теңгеден асуы керек», – деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Мобильді аударымдардың кәсіпкерлік табысқа жататыны расталса, азаматқа ресми хабарлама жолданады. 30 жұмыс күн ішінде заңбұзушылықты түзету міндеттеледі. Талап орындалмаса, салық органдары тексеріске келеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button