Мәдениет

Қымызмұрындық мерекесі

Астанадағы «Балқарағай» демалыс аймағында ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін Қымыз­мұрындық мерекесі өтті. Іс-шараға Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары, туристер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушы «BaiQymyz» жобасының авторы Жұмажан Қалтаев бұл бастаманың негізгі мақсаты қазақтың қасиетті асы – қымызды күнделікті дастарханымызға қайта әкелу, оның пайдалы қасиеттерін кеңінен насихаттау екенін атап өтті.

«Қазір жастардың көбі газды сусындарға әуес. Ал қымыз – дәруменге бай, иммунитетті нығайтатын, денсаулыққа аса пайдалы сусын. Біз осы жобамыз арқылы қымыз өндірушілерді бір алаңға жинап, оларға қолдау көрсетуді көздеп отырмыз» деді Жұмажан Қалтаев.

Қымызмұрындық аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыс, этноөнімдер мен қол­өнер бұйымдарының көрмесі, гастрономия фестивалі және мерекелік концерт ұйымдас­тырылды.

«Жұртшылық әр өңірден әкелген қымыздың дәмін татып, өз бағасын беріп жатыр. Шілде айында өтетін үлкен фестиваль барысында үздік қымыз анықталады. Бұл – тек дәмді сусын ғана емес, қазақтың тарихы мен руханиятына терең бойлататын мереке. Қонақтар ұлттық дәстүрмен танысып, әртүрлі жылқы тұқымдарын көріп, қолөнершілердің өнерін тамашалай алады» деді жобаның атқарушы директоры Әділ Орынбасарұлы.

Іс-шараға еліміздің 10 аймағынан қымыз өндірушілер қатысып, келушілер олардың өнімдерін арнайы QR-код арқылы бағалады. Сарапқа салынған қымыздар қатарында Жаңаарқа ауданының «Aqnur Qymyz» шаруа қожалығы, Саржал ауылындағы «Асылжан» жеке кәсіпкерлігі, Бурабай ауданындағы «Жас» ШҚ, Қымызынай ауылының «Кабдулин А.С.» ЖК, Абай облысы Қарауыл ауылының «Adil Kymyz» ЖК, Сабынды ауылының «Алға» ШҚ, Арайлы ауылының «Qazaq House» ЖК және Қараөткел ауылындағы «Жоламан» ШҚ бар

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button