Мәдениет

Қылқалам ұшында –қала ырғағы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында белгілі қылқалам шебері Жеңіс Кәкенұлының «Қала ырғағы» атты жеке көрмесі ашылды.

Жеңіс Кәкенұлы кескіндеме, графика, компьюарт секілді әртүрлі бағытта еңбек етеді. Суретшінің туындыларында жыл мезгілдері, елорданың сол жағалауындағы «Меруертті мекен», «Солтүстік шұғыласы», «Қазақстан темір жолы» кешені, «Астана салтанаты» тұрғын үй кешені, «Транспорт тауэр» ғимаратының силуэті, «Салтанат сарайының» күмбезі, сондай-ақ бірқатар әкімшілік нысан бейнеленген. Оның картиналарында Астана тек реалистік тұрғыда ғана емес, қазақ халқының ұлттық қолданбалы өнеріне тән бояулармен көркемделіп көрсетіледі. Көрмеде автордың барлығы 50 туындысы ұсынылған.

«Бұл көрме қазіргі заманғы қала туралы жай ғана көркем әңгіме емес. Бұл – оның тынысын сезінуге, қозғалысын аңғаруға, адам өмір сүретін кеңістіктің ішкі ырғағын ұғынуға жасалған талпыныс. Суретшінің еңбектерінде қала ғимараттар мен көшелер жиынтығы ретінде емес, мағынаға, эмоцияға және уақытқа толы тірі ағза ретінде көрінеді. Көрме көрерменді зер салып қарауға, сезінуге шақырады: әр қаланың өз мінезі, өз қарқыны, өз жады бар» деді Президенттік орталық директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

Автордың айтуынша, оның шығармашылығы үйлесімге, тірі поэтикалық бейне мен түстің ғажайып әуезі арқылы берілетін нәзік эмоционалдық күйдің өзара тоғысуына, ұмтылысқа негізделген.

«Ұсынылған сериядағы әрбір картина жеке дара болғанмен, барлығы бірігіп, біртұтас рухани-­мазмұндық орта құрайды» дейді Жеңіс Кәкенұлы.

Көрме 23 ақпанға дейін жалғасады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button