Құқық

Қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақстанда сталкинг және некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Осы және өзге де нормалар «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда қарастырылған.

«Заң азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық процестегі жарыспалылықты нығайтуға, сондай-ақ қылмыстық процесті оңтайландыру мен бюрократияны азайтуға бағытталған», – деді ҚР ӘМ Қоғамдық тәртіп саласындағы заңнама департаментінің директоры Думан Сүлейменов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, әуе кемесін басқаруға кедергі жасау үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button