Ел тынысы

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Наурыз қалай өтті?

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті, оған қарасты мекемелер және аудандық пробация қызметтері тарапынан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай 14–23 наурыз аралығында «Наурызнама» онкүндігі аясында мазмұнды, тәрбиелік және танымдық іс-шаралар кешені ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, рухани-адамгершілік тәрбиені нығайту, сотталған азаматтарды қоғамға бейімдеу және ұжым арасында бірлік пен татулықты қалыптастыру болды.

14 наурыз – «Көрісу күні»
Бұл күні мекемелерде ұлттық дәстүрді жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, «Реабилитациялық технологиялар және концепциялар» қоғамдық қорының директоры Орынбасар Молдашқызы арнайы шақырылып, ұжым тарапынан мерекемен құттықталды.
Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы жақындарымен кездеспеген сотталған азаматтардың туыстарымен қауышуы ұйымдастырылып, ерекше әсерлі сәттер орын алды. «Еңбек мобильділігі орталығы» мамандарының қатысуымен босатылатын азаматтарды қайта әлеуметтендіру және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша дәрістер өткізілді.
№64 мекемеде шаруашылық жасағы сотталғандары арасында «Көрісу күніне» арналған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оның мәні – үлкенге құрмет, бірлік пен ізгі тілектер екені айтылды.

15 наурыз – Қайырымдылық күні
Бұл күні қайырымдылық пен мейірімділікке бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Сотталғандар арасында «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде «Тағылым мен тұғыр» атты зияткерлік сайыс ұйымдастырылып, оған «Qamqor-Astana» қоғамдық қорының өкілдері қатысты. Жеңімпаздарға марапаттар табысталды.
Пробация қызметкерлері есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіп, Байқоңыр ауданында «Destek» пансионатына көмек ұйымдастырылды (аумақты тазалау, абаттандыру жұмыстары).
№64 мекемеде сотталғандарға кітаптар сыйға тартылып, олардың рухани дамуына қолдау көрсетілді.

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық дәстүр күні
№3 мекемеде ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді насихаттауға арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті.
Қатысушыларға қазақ халқының бай мұрасы таныстырылып, патриоттық бағыттағы көркем фильмдер көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты – сотталғандардың ұлттық мәдениетке деген құрметін қалыптастыру және рухани тәрбиесін арттыру.

17 наурыз – Шаңырақ күні
Бұл күні отбасы құндылықтарын дәріптеу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
№64 мекеме қызметкері Әшірбеков Әкімнің отбасы жайлы арнайы репортаж дайындалып, көпбалалы әке ретіндегі өнегелі өмірі насихатталды.
Сондай-ақ, қызметкер Ораз Жалғастың ерлігі үлгі ретінде көрсетіліп, оның қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі батылдығы атап өтілді.
Іс-шаралар аясында отбасы, жауапкершілік және адал қызмет құндылықтары кеңінен насихатталды.

18 наурыз – Ұлттық киім күні
Ұлттық киімдерді дәріптеу мақсатында түрлі танымдық іс-шаралар мен бейнероликтер түсірілді.
№64 және №3 мекемелерде ұлттық тағамдар ұсынылып, домбырамен халық әндері орындалды.
Қатысушылар ұлттық дәстүрдің маңыздылығын атап өтіп, мерекелік көңіл-күй қалыптасты.

19 наурыз – Жаңару күні
Департаментте «Ашық есік күні» өткізіліп, қызметкерлердің балаларына мекеме қызметі таныстырылды.
Ситуациялық орталық, музей жұмысы көрсетіліп, құқық қорғау саласының ерекшеліктері түсіндірілді.
Сонымен қатар, жазасын өтеп шыққан азаматтарға «Қақпа алдында кездесу» жобасы аясында әлеуметтік қолдау көрсетіліп, жұмысқа орналасуға көмек берілді.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Мекемелерде ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Сотталғандар белсенді қатысып, ептілік пен ұйымшылдық танытты.
Бұл іс-шаралар олардың физикалық және психологиялық жағдайын жақсартуға оң әсер етті.

21 наурыз – Ынтымақ күні
Бұл күні бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізілді.
Зейнеткерлердің құттықтаулары ұйымдастырылып, ұжым арасында өзара сыйластық пен құрмет насихатталды.

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні
Наурыз мейрамы мекемелерде кең көлемде аталып өтті.
Концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, сотталғандар ұлттық өнерлерін көрсетіп, мерекелік атмосфера қалыптастырды.

23 наурыз – Тазару күні
Бұл күні барлық мекемелерде тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сенбіліктер ұйымдастырылып, аумақтар тазартылды, ағаштар әктеліп, санитарлық жағдай жақсартылды.
Іс-шараның мақсаты – тазалық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дамыту болды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button