Ел тынысыСаясат

Құрылыс компаниясы өкілдеріне Конституциялық өзгерістер түсіндірілді

Астана қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары аясында «SAT NS» құрылыс компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында басқарма басшысы Ғани Тәжиев Конституциялық өзгерістердің мақсаттарына, олардың елдің қоғамдық-саяси дамуына, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Жиында қатысушыларға жаңартылған Негізгі заңға енгізілген қағидаттар мен тұжырымдамалық ұстанымдар туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында маңызды пікір алмасу орын алып, компания өкілдері өз ойларын бөлісіп, Конституцияның мемлекеттік басқарудағы және қоғам өміріндегі рөлі туралы сұрақтар қойды.

Мұндай кездесулерді өткізу мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды тетігі болып табылады және ашықтықты, құқықтық ағартуды, азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button